Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр және Прииртышское ауылдарында тілсіз жаудың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілді.
Елді мекендерді ықтимал дала өрттерінен қорғау үшін ауыл маңайында арнайы өртке қарсы минералданған жолақтарды жырту жұмыстары сәтті аяқталды. Бұл шара өрт шыға қалған жағдайда жалынның тұрғын үйлер мен нысандарға өтуіне жол бермейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/1236089?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау