Қазақстан халқының негізгі табыс көзі – еңбек нарығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстандықтардың ақшалай табысының шамамен үштен екісі жалдамалы еңбек есебінен қалыптасады. Мұндай тұжырым Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің отырысында айтылды. Кеңес жұмысына экономика және қаржы саласынан 30-дан аса сарапшы қатысты. Сарапшыларға Экономикалық зерттеулер институты әзірлеген экономикалық өсім мен халықтың нақты табысының өзара байланысын талдау, сондай-ақ алдағы төрт жылға арналған халық табысын арттырудың кешенді жоспарының жобасы ұсынылды. Отырысты қорытындылай келе, Серік Жұманғарин сарапшылардың барлық ұсынысы мұқият қаралып, алдағы кезде ескерілетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1238280?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version