Қарағанды қаласының Отбасын қолдау орталығында ҚР жаңа Конституциясының ережелерін түсіндіру мақсатында көпбалалы аналармен кездесу өтті.
Кездесу барысында қатысушыларға Конституцияда көзделген азаматтардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктері, отбасы институтын қолдау бағытындағы маңызды нормалар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, аналардың әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды.
Іс-шараға «БЖЗҚ» АҚ , «Отбасы банк», «Мансап орталығы» және «Қарызсыз қоғам» жобасының өкілдері қатысып, өз бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, зейнетақы жинақтары, тұрғын үй бағдарламалары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен қаржылық сауаттылық бойынша кеңестер ұсынды.
🤝 Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға нақты жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1236232?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау