🔹5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Ордабасы ауданында елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытында кезекті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
🔹Аудан орталығы Темірлан ауылында ұйымдастырылған шара барысында «Темірлан абаттандыру» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орталық көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтірді. Жол жиектері мен жаяу жүргіншілер жолдары сырланып, гүлзарларға маусымдық гүлдер егілді.
🔹Сонымен қатар жасыл желектерді күтіп-баптау мақсатында гүлдер, сәндік ағаштар мен тұялар суғарылып, зиянкестерге қарсы дәрілеу жұмыстары атқарылды. Саябақ аумағында өскін шөптер орылып, қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
🔹Тазалық пен көркейтуге бағытталған жұмыстар аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсартуға, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1235915?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау