Құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында атыс жарысы бойынша жалпыкомандалық есепте Департамент қызметкерлері 3 орынға ие болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Қостанай облысы Полиция департаментінің құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында өткен атыс жарысына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысы бойынша ҚАЖД командасы жалпыкомандалық есепте 3-орынға ие болды.

Жекелей біріншілікте:

* №76 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бастығының орынбасары, әділет капитаны Асқар Құснияров Калашников автоматынан ату бойынша 3-орын алды;
* №38 мекемесінің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі, әділет майоры Андрей Троян Макаров тапаншасынан статикалық ату бойынша 3-орынға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1236059?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version