Құқықтық марафон акциясында Департамент қызметкері 1 орынға ие болды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

📌 Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері 2026 жылғы құқықтық марафон акциясына қатысты. Іс-шара барысында ерлер 10 шақырым, ал әйелдер 5 шақырым қашықтыққа жүгірді. Сонымен қатар, Департамент бастығының міндетін атқарушы, әділет полковнигі А.М. Шүленов велошеруге қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Қостанай облысының мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында №40 мекемесінің бақылаушысы Асылжан Манаев жоғары нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды.

Қатысушылар өздерінің спорттық дайындықтарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға және дене шынықтыру мәдениетін дамытуға үлес қосты

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-kost/press/news/details/1236073?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version