Балаларды қорғау күніне орай Семей қаласында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы шеңберінде балаларға арналған шығармашылық іс-шара полиция қызметкерлерінің ұйымдастыруымен дағдарыс орталығында өткізілді. Негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау көрсету, олардың эмоционалдық жай-күйін жақсарту, сондай-ақ балалардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықсыз орта құру идеясын насихаттау.
Балалардың бірі: «Мен өз суретімде қауіпсіз және бақытты әлемді бейнеледім», – десе, енді бірі: «Полицейлердің бізді қорғайтынын білгенде өзімді сенімді сезіндім», – деген әсерімен бөлісті. Тағы бір қатысушы: «Бүгінгі күн маған қуаныш пен тыныштық сыйлады», – деп атап өтті.
Мұндай іс-шаралар балалардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, оларға сенім мен қорғаныш сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге, бұл бастама қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін күшейту бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Іс-шара соңында балалардың шығармашылық жұмыстары бағаланып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді. Балалар полиция қызметкерлерімен еркін сөйлесіп, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1236432?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау