Махамбет аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-сессиясына шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 10, 19 баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың төрағасы мәслихаттың кезектен тыс 45-сессиясын 2026 жылдың 15 маусым күні сағат 10:00-де аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залына шақыру туралы шешім қабылдады.
45-сессиясы төмендегідей күн тәртібімен шақырылады:
- «Махамбет ауданы бойынша округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 16 қаңтардағы №197 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна – аудандық мәслихат аппаратының басшысы
- «Махамбет аудандық учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №94 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Арыстангалиева Фируза Жетписбаевна – аудандық мәслихат аппаратының басшысы
- Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Хабарламашы: Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mahambet-district/press/news/details/1238825?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау