ШҚО ЕСКЕКШІСІ БАЙДАРКА МЕН КАНОЭДЕ ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ АЛТЫН МЕДАЛІН ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 4–7 маусым аралығында Түркістан қаласында байдарка мен каноэде есуден U18 және U23 жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Құрлықтың ең үздік спортшылары бақ сынаған айтулы додада Шығыс Қазақстан облысының өкілі жоғары спорттық шеберлік танытып, Азия чемпионы атанды.

Тартысты өткен есу бәсекесінің қорытындысы бойынша С-4 (төрт орындық каноэ) бағдарламасында 500 метр қашықтықта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының экипажы мәре сызығын бірінші болып қиып, алтын медальді қоржынға салды. Сәтсіздікке орын қалдырмаған жеңісті төрттіктің құрамында ШҚО спортшысы Сұлтан Шарапиев, Астана қаласынан Юрий Горбов, Алматы облысынан Владислав Руденко және Түркістан облысынан Полат Төребеков болды.

Жас спортшыны халықаралық додаға жоғары деңгейде дайындаған ШҚО жаттықтырушы-оқытушысы — Елена Владимировна Парфёнова. Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Сұлтан Шарапиевті және оның бапкерін айтулы жеңісімен құттықтайды, алдағы уақытта да су айдынындағы жарыстарда жаңа биіктерді бағындыруды және толағай табыстарға жете беруді тілейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1236167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version