Құрметті Шымкент тұрғындары мен қала қонақтары!
6-7 маусым күндері сағат 19:30-21:00 аралығында Шымкент қаласының саябақтары мен гүлзарлары ән мен жырға, думан мен шаттыққа толады.
«Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы аясында қаламыздың ең үздік өнерпаздары мен театр ұжымдары өнер көрсетеді:
6 маусым:
Шымкент қалалық қуыршақ театры – Шымсити саябағында
Шымкент қалалық өзбек драма театры – Наурыз саябағында (Сайрам ш/а)
Шымкент қалалық опера және балет театры – Арбат демалыс аймағында;
7 маусым:
Шымкент-цирк ұжымы – Абай саябағында
Жастар театры – Көл демалыс аймағында
Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры Орталық саябақта өнер көрсетеді.
Баршаңызды өнер кештерін бірге тамашалауға шақырамыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1235764?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау