Соңғы 2,5 жыл ішінде теңізге жеткізілген судың жалпы көлемі 35 млрд текше метрден асты. Оның ішінде 17 млрд текше метрден астамы 2024 жылға тиесілі болды. Бұл кезеңде елімізде аномальды көктемгі су тасқындары байқалған еді.
Бұл көрсеткіштер өзендер арқылы келетін табиғи ағынды реттеу және су қоймаларынан су жіберу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай шаралар Каспий теңізі деңгейінің төмендеуін бәсеңдетуге ықпал етеді. Дегенмен теңіз деңгейіне климаттың өзгеруі, буланудың артуы және өзендердің су қоры сияқты басқа да факторлар әсер етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-akzhar/press/news/details/1236214?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау