Степной ауылдық округінің Степной және Қайрақты ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарғалы ауданының әкімі Нұрлыбек Унербаев Степной ауылдық округінің әкімі Гүлмира Нүредиловамен бірге Степной және Қайрақты ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындар елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, жол, абаттандыру, коммуналдық қызметтер және күнделікті тұрмысқа қатысты өзекті мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аудан басшысы тұрғындардың сауалдарын мұқият тыңдап, көтерілген әрбір мәселе бойынша тиісті түсіндірме берді. Сонымен қатар, шешуді қажет ететін сұрақтар бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.
Жиын соңында аудан әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/press/news/details/1238903?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version