Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының қызметкерлері Талас ауданының Қаратау қаласындағы «Жартас» және Көктал ауылындағы «Пионер» көлдерінде рейд өткізді. Тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жадынамалар таратылды. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау және рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау қажеттігі ескертілді. Іс-шараның мақсаты – судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау