ТАЗАЛЫҚ – ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті «Таза бейсенбілік» жұмыстары жоғары деңгейде өтті! Сенбілікке мекеме қызметкерлері, еріктілер, мектеп оқушылары қатысты.
​Туған өлкеміздің көркіне көрік қосып, қоршаған ортаны қорғау — әрбір тұрғынның азаматтық парызы. Акция барысында ауқымды жұмыстар атқарылды:
​📌 Көше бойлары қоқыстан толық тазартылды;
​📌 Тротуарлар сыпырылып, ретке келтірілді;
​📌 Жол бойындағы бордюрлар ақталып, сыланды.
​Осылайша, кентіміз бір сәтте тазарып, нұрланып сала берді! Тұрғындарға жайлы әрі таза орта сыйлау бағытындағы бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
​🤝 Тазалықты сақтау — оны жинаудан да маңызды.
Кентіміздің тазалығы мен сұлулығын бірге сақтайық! Белсенділік танытқан барша жандарға алғыс білдіреміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1238086?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version