Түркістан қаласындағы Керуен сарай кешенінде «Өнерлі өлке» фестивалі аясында Сайрам ауданының мәдени күні ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында келушілерге эксклюзивті қолөнер бұйымдарының шеберлік сағаттары ұсынылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар ауданның тарихы мен мәдени мұрасын, әлеуметтік-экономикалық жетістіктерін насихаттайтын арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Фестивальдің кешкі бөлігінде аудан өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт ұйымдастырылады. Мәдени бағдарлама аясында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік қойылымдар сахналанып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, «Өнерлі өлке» фестивалі аясындағы мәдени күндер легі ертең, 5 маусымда Мақтаарал ауданының мәдени күнімен жалғасады. Фестиваль өңірлердің мәдени әлеуетін танытып, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1235665?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау