ТҮРКІСТАНДА ҚҰРЫЛЫС ПЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанда қаланың келбетін жақсартып, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бүгінде шаһарда жаңа қоғамдық кеңістіктер салынып, жасыл аймақтар көбейіп, инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Мұның бәрі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, Түркістанды заманауи әрі қолайлы қалаға айналдыруға бағытталған.
Осы мақсаттағы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бірқатар құрылыс және абаттандыру нысандарын аралап, жауапты сала басшылары мен мердігер мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеді.
Алдымен шаһар басшысы Кентау тас жолы бағытындағы айналма жол бойында салынып жатқан желілік саябақтың құрылыс алаңында болды. Жалпы аумағы 17,8 гектарды құрайтын бұл жоба Түркістанның жаңа демалыс орындарының біріне айналмақ. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 50 пайызға жеткен. Жоба аясында 150 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылып, тұрғындар мен қала қонақтарына арналған заманауи серуендеу және тынығу кеңістіктері жасалады.
Сондай-ақ, аралау барысында С.Қожабаев көшесіндегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарының жай-күйі қаралды. Қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау, жасыл желектерді күтіп-баптау және қала көшелерінің эстетикалық келбетін жақсарту бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.
Қала басшысы аралау барысында Жаңа қала аумағында салынатын Орталық алаңының жобасымен танысты. Бұл нысан ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, жастардың патриоттық рухын нығайтып, қала келбетіне ерекше сән беретін маңызды қоғамдық кеңістік болмақ.
Қала әкімі Орталық алаңның сәулеттік шешімдері сапалы әрі мазмұнды болуы керектігін атап өтіп, жобаны жоғары деңгейде және белгіленген мерзімде жүзеге асыруды тапсырды.
Түркістанда қолға алынған әрбір құрылыс пен абаттандыру жобасының басты мақсаты – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, қаланың көркін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1235962?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version