Қазақстан командасы Түркістандағы байдарка мен каноэде ескек есуден юниорлар, U23 жас санаты мен параканоэден Азия чемпионатының 3-жарыс күнін тағы жүлдемен аяқтады.
Таңғы сессияда спортшыларымыз 5 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль иеленгенін жазғанбыз.
Ал күндізгі жарыс бөлігінде тағы 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалады. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 200 метр)
Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 200 метр)
Тимофей Таранов, Даниил Коляда (байдарка жұптық, U18, 200 метр)
Егор Краснонос, Дмитрий Холмогоров (байдарка, U23, 500 метр)
Байдаркадан U18 жас ұлдар командасы (500 метр) Мадияр Қанекен, Алексей Ширман, Нұртілек Иман мен Никон Дергунов.
Стелла Суханова, Вероника Трапезникова (байдарка жұптық, U23, 500 метр)
Байдаркадан U18 Қазақстан қыздар командасы (500 метр) Эвелина Костенко, Анна Емельяненко, Анастасия Прибыткова, Кира Кальтенбергер.
Мария Бровкова, Ульяна Киселёва (каноэ жұптық, U23, 500 метр)
Зоя Прядка, Злата Прядка (байдарка жұптық, U18, 200 метр)
Каноэден U18 Қазақстан қыздар командасы, 500 метр (Милана Абдубаева, Ксения Сломинская, София Гизенка, Ульяна Иванова)
Ертең, 7 маусым Азия чемпионатының шешуші жарыс күні. Түркістандағы құрлық бәсекесіне 15 елден 300-ге жуық ескек есу шебері жиналды.
Ескек есуден Қазақстан Ұлттық федерациясының бас демеушісі – @samrukkazyna_official
Бас серіктесі – Спортты қолдау қоры
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1236037?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау