Бүгін Ордабасы ауданында қоғам қайраткері, аудандық мәслихаттың депутаты болған Нұрғали Жәмәділұлы Ақмұратовты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Ауқымды спорттық додаға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаты Ғани Райымбеков, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, спорт ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары және еліміздің әр өңірінен келген балуандар қатысты.
Салтанатты жиында аудан әкімі Азат Оралбаев сөз сөйлеп, Нұрғали Жәмәділұлының ел дамуына қосқан елеулі еңбегін атап өтіп, оның өнегелі өмір жолы мен азаматтық болмысы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
Нұрғали Жәмәділұлы Ақмұратов – туған жердің өркендеуіне үлес қосып, ел сенімін арқалаған абыройлы азамат. Оның жарқын бейнесі мен игі істері ел жадында мәңгі сақталары сөзсіз.
Республикалық деңгейдегі бұл турнир ұлттық спортты ұлықтап қана қоймай, жастардың бойында намыс, жігер және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани-спорттық шара болып табылады.
Барша балуандарға сәттілік тілеп, бозкілемде әділ де тартысты белдесулер көрсетуіне тілектестік білдіреміз.
Нұрғали Жәмәділұлының есімі – ел жадында, еңбегі – ұрпаққа үлгі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1235918?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау