«Заң мен тәртіп»: Астанада Cirque du Soleil шоуына келгендер ерекше акцияға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада өтіп жатқан Cirque du Soleil циркінің қойылымдары барысында қатысушылар «Заң мен тәртіп» профилактикалық акциясына белсенді атсалысып жатыр. Атап айтқанда, олар Астана қаласының прокуратурасы, қала әкімдігі және Полиция департаменті бірлесе өткізген «Қауіпсіз балалық шақ» акциясына қатысуда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Іс-шара барысында балаларға жеке қауіпсіздік қағидалары, қоғамдық орындардағы және интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріледі.

Кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыс прокуратура органдарының тұрақты бақылауында», – дейді Нұра ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Камилла Ақылова.

Жалпы «Барыс Арена» фойесінде арнайы «Заң мен тәртіп» тақырыптық аймағы жасақталып, еріктілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері көрермендерге ақпараттық буклеттер мен жадынамалар таратып жатыр.

Сондай-ақ келушілер қауіпсіздік пен заң талаптарын сақтау тақырыбындағы балалар суреттерімен тамашалайды.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарды интернеттегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпараттандыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тәртіпсіздікке «мүлде төзбеушілік» қағидатын нығайту. Ұйымдастырушылар интернет пен телефон арқылы жасалатын алаяқтардан қорғану мәселесіне, сондай-ақ цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында аса өзекті болып отырған қаржылық сауаттылықты арттыруға ерекше назар аударып отыр.

Еске сала кетейік, Cirque du Soleil ұжымының OVO шоуы аясындағы әлемдік турне Астанада 4-7 маусым аралығында өтіп жатыр.

Елордаға 25 елден келген 130 маманнан құралған халықаралық команда, оның ішінде 53 әртіс келді. «Заң мен тәртіп» акциясы шоу өтетін күндері жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1235897?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version