Жайдарман Қазақстанның түрлі қалаларынан келген КВН командаларының басын қосты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен және Павлодар қаласы әкімдігінің қолдауымен сахнада Қарағанды, Семей, Астана және Павлодар қалаларынан 10 КВН командасын біріктірген «Заң мен тәртіп» атты Pavlodar Jaidarman жастар әзіл-сықақ шарасы өтті.

          Ойын жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, көрермендерге жарқын өнер, ұшқыр әзіл және ұмытылмас әсер сыйлады.  Бұл шара жастар үшін нағыз мереке ғана емес, заң, тәртіп және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын насихаттайтын тиімді алаңға айналды.

          Шара қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен Май ауданының «Күлкілі» командасы «Көрермен көзайымы» номинациясына ие болды.
«Үздік команда» номинациясында Астанадан келген «Шекер» командасы жеңіске жетсе, Қарағандының «Нектар» командасы «Үздік әзіл» номинациясын иеленді.
«Мисс Жайдарман» атағы Қарағандының «Тіфә-тіфә» командасының қатысушысына бұйырса, «Мистер Жайдарман» атағын Абай облысының өкілі — Абай ауданының құрамасы алды.

          Бірінші орын мен 300 000 теңге көлеміндегі ақшалай жүлдені «Сейфуллин» (Астана) ком андасы жеңіп алды. Екінші орынды 200 000 теңге ақшалай жүлдесімен «Ұлттық ұлан» (Қарағанды) командасы иеленді. Үшінші орын мен 100 000 теңгеден ақшалай жүлделер Абай облысы Абай ауданының құрамасына және «Мираж» (Павлодар) командасына бұйырды.
          Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Шара достық, әзіл және салауатты бәсекелестік жағдайында өтіп, көрермендерге жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1236485?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version