Таныстырылым барысында жобаның негізгі технологиялық шешімдері көрсетілді, оның ішінде құқықтық нормалардың семантикалық моделі, заңнаманы графтық талдау мүмкіндіктері, сондай-ақ құқық шығармашылығы және құқық қолдану қызметін қолдау үшін жасанды интеллектті пайдалану әлеуеті таныстырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар жобаны одан әрі дамыту жөніндегі көзқарастарымен алмасып, «Legal Graph» нәтижелерін әділет органдарының қызметінде практикалық қолданудың перспективалы бағыттарын талқылады, сондай-ақ құқықтық жүйені цифрлық трансформациялау аясындағы ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту мүмкіндіктерін белгіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1239296?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау