2026 жылдың 23 маусымына сағат 09:00-ге, облыс әкімдігінің ғимаратында, Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы, одан әрі сағат 11:00-ге кезекті отыз жетінші сессиясының отырысы белгіленді.
Өткізілетін мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі, № 8, 5 қабаттағы мәжіліс залы.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08:30-да басталады.
Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер:
1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2. 2025 жылға арналған Абай облысының облыстық бюджетінің орындалуы және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру туралы есеп;
– Абай облысын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп;
– 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп.
3. Әр түрлі.
Абай облысы мәслихатының аппараты
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1240118?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау