Атырауда отбасы құндылықтары мен бала тәрбиесі мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау облысы полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Райса Айтжанова Атырау көлік және коммуникация колледжі студенттерінің ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жасөспірімдердің тәрбиесі, олардың мінез-құлқын дұрыс қалыптастыру, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды. Полиция қызметкері ата-аналардың бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше екенін атап өтіп, әрбір ата-ана баласының жүріс-тұрысына бейжай қарамауы қажет екенін жеткізді.
– Жыл басынан бері Атырау облысында отбасы тыныштығын бұзған 2456 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыларға қатысты 2132 қорғау нұсқамасы шығарылған. Құрметті ата-ана! Отбасында берілген тәрбие оның болашақтағы мінез-құлқы мен өмірлік ұстанымының қалыптасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан балаларыңыздың тәрбиесіне мұқият болып, оның ортасы мен бос уақытын назардан тыс қалдырмаңыздар, – деді полиция подполковнигі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1240159?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version