Аудан әкімінің есептік кездесулері

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 8-11 маусым аралығында аудан әкімі Ардақ Смайыловтың ауылдық округтер мен Макинск қаласының тұрғындарымен есептік кездесуі өтті. Аудан прокуроры, аудандық полиция бөлімінің бастығы, аудандық мәслихат төрағасы, дербес бөлімдер мен өңірлік мекемелердің басшылары қатысқан кездесулерде ашық диолог форматындағы мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, аудан орталығында тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша мердігерлік ұйымның жұмыс сапасы, саябақ құрылысының сапасы, қоғамдық көлік жұмысы, қаңғыбас иттерді аулау, жылумен жабдықтау, дәрігерлердің болмауы және басқа да мәселелер көтерілді. Қолданыстағы заңнама шеңберінде қойылған барлық сұрақтарға түсіндірме жауаптар берілді, тиісті мекемелердің басшыларына тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, әр кездесу соңында аудан әкімі А. Смайылов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-bulandy/press/news/details/1239421?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version