Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында білім беру мен ғылымды ұштастыруға бағытталған тың жобалар табысты жүзеге асырылуда. Соның бірі – оқушылар мен педагогтердің бірлескен еңбегі нәтижесінде әзірленген электромобиль құрастыру жобасы.
Аталған жоба білім алушылардың инженерлік-техникалық қабілеттерін дамытуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыруға және заманауи технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруіне мүмкіндік беріп отыр. Теориялық білімді практикамен ұштастырған оқушылар жаңашыл идеяларын іске асырып, шығармашылық және конструкторлық дағдыларын жетілдіруде.
Бұл бастама ауыл мектебінде де инновациялық жобаларды жүзеге асыруға толық мүмкіндік бар екенін көрсетеді. Жоба жас ұрпақтың ғылым мен техника саласына қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақ инженерлер мен өнертапқыштарды тәрбиелеуге негіз қалайды.
Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты білім мен инновацияны қатар дамыта отырып, оқушылардың жарқын болашағына жол ашатын маңызды бастамаларды қолдауды жалғастыра береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1240093?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау