Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті қырық төртінші сессиясы 2026 жылғы 24 маусым күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

Мекен-жайы: Түркістан қаласы Әмір Темір көшесі №28 ғимарат  Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы.

 

Сессияның қарауына мына мәселелер  ұсынылады:

 

  1. 2025 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы;
  2. Түркістан қаласы әкімдігінің «инфрақұрылым және коммуникациялар» бөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан қаласы әкімдігінің «жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» бөліміне  жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  4. Түркістан қаласы әкімдігінің «сәулет және қала құрылысы» бөліміне  жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.

 

Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan-city/press/news/details/1239766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version