Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың маңызды шарттарының бірі. Осыған байланысты барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз.
Жүргізушілер көлік құралын басқару кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіздік белдігін тағуы, сондай-ақ жолдағы басқа қатысушыларға құрметпен қарауы қажет. Жаяу жүргіншілер жолды арнайы белгіленген орындар арқылы кесіп өтіп, жол қозғалысы талаптарын орындауы тиіс.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір тұрғыннан жауапкершілік танытып, жол жүру мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуды сұраймыз.
Жол ережесін сақтау – өз өміріңіз бен өзгенің қауіпсіздігіне деген жауапкершілік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shilik/press/news/details/1239552?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау