Абай облысында балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды «Жолдағы балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Негізгі мақсат – кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтардың алдын алу, балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын көтеру және жалпы жол қауіпсіздігі мәдениетін нығайту.
Әсіресе кәмелетке толмағандардың мопед басқару фактілері бақылауға алынды. Нәтижесінде, 16 жасқа толмаған 3 бала мопедті заңсыз басқарғаны анықталды. Бұл ретте жауапкершілік баланың ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі.
«Жолдағы балалар» іс-шарасы – тек бақылау емес, балалар мен ата-аналардың жолдағы қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1239162?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау