🌳 Байғанин ауданында орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🌱 Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылында түрлі ағаштар мен бұталардың көшеттері өсірілетін орман тәлімбағы жұмыс істейді. Тәлімбақ 2004 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Мұнда 4 гектар аумақта көшеттердің 32 түрі өсіріледі. Негізгі назар қылқан жапырақты ағаштарға – қарағай, шырша және балқарағайға аударылған.

🌲 Байғанин орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі директорының орынбасары Бақтыбай Мырзағариннің айтуынша, өткен жылы тәлімбақта отырғызылған қарағай көшеттері жақсы жерсінген. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысынан шырша мен майқарағай көшеттері әкелінген.

– Жыл сайын отырғызу материалдарын дайындаймыз. Жоспар бойынша 1 миллион 100 мың жапырақты ағаш көшетін өсіруіміз қажет. Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, өйткені отырғызу материалдарына деген сұраныс жоғары болып отыр,
– дейді Бақтыбай Мырзағарин.

🌿 Бүгінде тәлімбақта өсіріліп жатқан ағаштар кейін аудан аумағына отырғызылады. Мамандар мұндай жұмыстың нәтижесі жылдар өткен соң айқын көрінетінін айтады. Орманшылар 2016 жылы көшет отырғызған учаскелердің бірі бүгінде толық қалыптасқан жасыл желекке айналған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin-karauylkeldi/press/news/details/1240655?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version