Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Әйтеке би ауданының бірқатар ауылдық округтеріне барып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Сапар аясында өңір басшысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесіп, ауданның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар республикалық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жөндеу жұмыстарының барысын, сондай-ақ бірқатар елді мекендерді газдандыру жобаларының жүзеге асырылуын қарайды.
Бағдарламаға Ақтасты, Жабасақ және Тұмабұлақ ауылдарындағы газ құбырларын тарту жұмыстарының барысымен танысу, жаңа өрт сөндіру бекеті мен әлеуметтік нысандарды аралау енгізілген.
Сондай-ақ облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесулер өткізіп, ауылдық округтерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылайды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыруға бағытталған тиісті тапсырмалар беріледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1241285?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау