2026 жылдың 5 айындағы «Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы» ММ жұмысы туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Басқарма сәулет-құрылыс қызметі саласындағы бақылау-қадағалау органы және қызмет көрсетуші болып табылады.

Басқарманың негізгі мақсаты Қарағанды облысының аумағында сәулет, қала құрылысы, құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Басқарудың негізгі функциялары:

-объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы инжинирингтік көрсетілетін қызметтер;

– сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу.

Басқарма 2026 жылдың 5 айында құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталғаны туралы 465 хабарлама қабылдады, бұл 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 20% – ға артық              (582 хабарлама), 246 хабарлама қабылдаудан бас тартты, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11% – ға аз (276 хабарлама).

Басқармаға 2026 жылдың 5 айында объектілерді пайдалануға қабылдаудың 765 актісін салыстырып тексеруге келіп түсті, 403 (53%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 362 (47%) бас тартылды, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғнда 31% – ға аз (582 акт, 274 (47%) бойынша салыстырып тексеру жүргізілді, 308 бас тартылды (53%).

2026 жылдың 5 айында Басқарма 21 бақылау-қадағалау іс-шарасын өткізді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27% – ға аз (29 бақылау-қадағалау іс-шарасы).

2026 жылдың 5 айында заңнаманы бұзғаны үшін 290 әкімшілік іс қозғалды, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп (64 әкімшілік іс):

– мемлекеттік нормативтерді бұзу, 5 іс (3 892 500 теңге. 312-бап);

– ЖСҚ және сараптамасыз, 54 іс (11 686 150 теңге, 316-бап);

– авторлық және техникалық қадағалауды бұзу, 5 іс (2 724 750 теңге, 317-бап);

– инжинирингтік қызметтерді бұзу, 2  іс (2 162 500 теңге, 317-1-бап);

– объектілерді қабылдау тәртібін бұзу, 3 іс (627 125 теңге, 318-бап);

– үлестік құрылыс, 1 іс (320-бап);

– авторлық және техникалық қадағалаусыз, 14 іс (4 411 500 теңге, 321-бап);

– пәтерлерді заңсыз қайта жоспарлау, 4 іс (519 000 теңге, 322-бап);

– заңсыз пайдалану, 3 іс (194 625 теңге, 323-бап);

– нұсқамаларды орындамау, 5 іс (462-бап);

– ескертусіз құрылыс, 5 іс (45 413 теңге, 463-бап);

– лицензиялау нормаларын бұзу, 189 іс (28 132 042 теңге, 464-бап).

Оның ішінде 124 әкімшілік іс бойынша жарты жылға және 9 лицензиядан айыра отырып лицензиялардың қолданылуы тоқтатылды.

Қозғалған әкімшілік істер бойынша 54 698 355 теңге сомасына айыппұл салынды, бұл 2025 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп (21 545 498 теңге). Оның ішінде басқарма 53 173 792 теңге салды (өндіріп алу 40 274 452 теңгені немесе 76% –  құрайды, қалған 24% – ы бойынша айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі әлі жақындаған жоқ немесе ЖСО-ға жіберілді), сот 1 524 563 теңге салды .

2026 жылдың 5 айында 231 мемлекеттік қызмет көрсетілді: сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында лицензиялау бойынша 165 мемлекеттік қызмет, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34% – ға аз (252 мемқызмет), сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау бойынша 60 мемлекеттік қызмет көрсетілді, бұл 2025 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 41% – ға аз (101 мемқызмет), ұйымды аккредиттеу және жобаларды басқару бойынша 6 аккредиттеу туралы куәлік берілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50% – ға артық (4 аккредиттеу туралы куәлік).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-gask/press/news/details/1240671?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version