2026 жылғы 16 маусымда Ұлытау облысының Әділет департаменті «Заң және Тәртіп» қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету мақсатында жеке нотариустармен, адвокаттармен, жеке сот орындаушыларымен және кәсіби медиатормен бірлесіп Жезқазған қаласының көпсалалы ауруханасының қызметкерлері үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шара барысында қатысушыларға 2026 жылғы 15 наурызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері мен жаңашылдықтары түсіндірілді.

Сонымен қатар, атқарушылық іс жүргізу тараптарының кабинетін пайдалану, оның функционалдық мүмкіндіктері және атқарушылық іс жүргізу саласындағы электрондық қызметтерді алу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға электрондық сервистерді пайдалану жөнінде практикалық ұсынымдар беріліп, олардың артықшылықтары түсіндірілді.

Іс-шара соңында азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, барлық өтініш білдірушілерге құқықтық мәселелер бойынша білікті кеңестер мен түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1241676?lang=ru

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version