26 жылдан астам уақыт қауіпсіздік күзетінде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласы №11 өрт сөндіру бөлімінде азаматтық қорғау прапорщигі Рүстам Әлімжанұлы Рузиевті құрметті демалысқа шығарып салды.

Ол өмірінің 26 жылдан астам уақытын халыққа қызмет етуге арнап, өз ісіне адалдықтың, жауапкершіліктің және қызметтік борышқа беріктіктің үлгісіне айналды.

Қызмет жылдары ішінде Рүстам Әлімжанұлы әріптестерінің құрметіне бөленіп қана қоймай, бөлім аумағына өз қолымен 120-дан астам ағаш отырғызып, артында ізгі із қалдырды.

Ізгі дәстүр бойынша әріптестері ардагер қызметкерді жылы лебіздермен шығарып салып, оған зор денсаулық, бақыт пен амандық тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-almaty/press/news/details/1240806?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version