Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі Д. Жұмагелдин Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық мамандандырылған балалар үйі» КММ-не барды. Бару барысында, тәрбиелену және сауықтыру жағдайларына, ойын, жатын және медициналық бөлмелердің санитарлық күйіне, сондай-ақ мекеменің қажетті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілуіне тексеру жүргізілді. Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына, күн тәртібінің ұйымдастырылуына және тиісті медициналық көмек көрсетілуіне ерекше назар аударылды.
Бару аясында Уәкіл өкілі мекеме әкімшілігімен, медициналық және педагогикалық құрамымен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының қызметін, оның негізгі принциптері мен құндылықтарын, сондай-ақ бала құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын талқылады.
Әңгімелесу барысында «Адал азамат» идеалдары аясында азаматтар мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі, заңға бағынушылық, парасаттылық және адам құқықтарын құрметтеу принциптері мәселелері қозғалды. Сонымен қатар түрлі өмірлік жағдайларда қызметкерлердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін сезінуіне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-abay-oblysy/press/news/details/1241653?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау