АЛМАТЫДА АЛҒАШ РЕТ ӨТКЕН СПАРТАКИАДАДА АЛМАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ФУТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкері күніне орай Алматыда алғаш рет медицина қызметкерлері арасында қалалық Спартакиада өтті. Ауқымды спорттық шараға аурухана, емхана, медициналық жоғары оқу орындары мен санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің 10 командасынан 300-ден астам медицина қызметкері қатысты.

Қатысушылар шағын футбол, волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд бойынша сынға түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша шағын футболдан Алмалы ауданының құрама командасы І орынды иеленді. Команда капитаны – Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы директорының медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Бакытжан Абдикадиров.
Сондай-ақ ҚЖШККА дәрігер-реаниматологы Самат Жолдасов турнирдің «Үздік ойыншысы» атанды.
Әріптестерімізді жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз!

Командалық рух пен жеңіске деген ұмтылыс алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын.

Жеңіс құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1241038?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version