Ақмола облысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Қарасора-2026” жедел-профилактикалық операциясы аясында Жақсы ауданының полиция бөлімінің КПБ қызметкерлері Қийма ауылында жедел іс-шаралар өткізді.

Тексеру барысында құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан 1969 жылы туған азамат анықталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Киров көшесіндегі жеке учаскені тексеру кезінде полицейлер 75 қарасора бұтасын тауып алып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта сот-химиялық сараптама тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

#заңментәртіп

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kosshy/press/news/details/1241525?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version