Ақтөбе облысының дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Дәурен Ерланұлы Қуаныш Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

Дәурен Ерланұлы Қуаныш Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында дүниеге келген. 2014 жылы Экономикалық-құқық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2023 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін «Құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Ақтөбе қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде жетекші маман болып бастаған.

2017–2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінде бас маман, сондай-ақ қалалық терроризмге қарсы комиссия жұмысы жөніндегі үйлестіру бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.

2023 жылы Ақтөбе қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінде бас маман болып жұмыс істеген.

2023 жылдың қараша айында Ақтөбе облысының дін істері басқармасының конфессияаралық қатынастар бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. Ал 2024 жылдың шілде айынан бастап осы бөлімнің басшысы қызметін атқарып келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-din/press/news/details/1241095?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version