«Атбасар ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісов 2026 жылғы 4 маусымда Атбасар аудандық мәслихатының кезекті сессиясына қатысты, онда Атбасар ауданының 2025 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.

        Сессия барысында аудан әкімі Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы тиісті баяндама жасады.

        Депутаттардың назарына Атбасар ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.

        Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.

        Жалпы алғанда, аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1240953?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version