Кеген ауылындағы 32 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің аумағына абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жоба аясында тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында аула аумағы ретке келтіріліп, балалар ойын алаңы орнатылуда.
Аталған жұмыстардың барысымен аудан әкімі Нұрбақыт Модлахметұлы, Кеген ауылдық округінің әкімі Ысқақ Ернат Сембекұлы танысып қайтты.
Жұмыс барысында нысандағы құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімдердің сақталуына назар аударылып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар берілді.
Абаттандыру жұмыстары тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kegen-kegen/press/news/details/1240608?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау