«Ауыл аманаты»: құжаттарды рәсімдеуге қолдау көрсетілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру аясында Жанама ауылдық округінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, құжаттарды рәсімдеуге жан-жақты қолдау көрсетілуде.

Бүгінгі таңда округ тұрғындарына бағдарламаға қатысу үшін қажетті құжаттарды жинақтау және өтінімдерді рәсімдеу бойынша практикалық көмек берілуде. Әрбір өтінім ауыл әкімі Қожабеков Парасат Азаматұлының бақылауымен қаралып, бағдарлама талаптарына сәйкестігі пысықталуда.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, табысын арттыру және ауылдық жерлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.

Осыған байланысты құжаттарын рәсімдеуге ниетті азаматтар әкімдік мамандарына жүгініп, қажетті кеңестер мен әдістемелік көмекті ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1241453?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version