Кеншоқы, Тағылы және Төменгі Қайрақты ауылдық округтерінде жергілікті әкімдердің халық алдындағы есептік кездесулері өтті. Жиында өткен кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары пысықталды.
Маңызды жүздесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров және ауданның жауапты сала бөлімдерінің басшылары қатысты.
Ашық диалог алаңында тұрғындар тарапынан ауылдарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желілерін (тоқ) жаңарту, жайылымдық жер телімдерін реттеу, сондай-ақ тұрғын үй кезегі мен баспана қажеттілігі сияқты ең өзекті мәселелер көтерілді. Аудан басшысы әрбір сауалға нақты жауап беріп, көтерілген барлық мәселелер хаттамаға енгізіліп, жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, заң шеңберінде түсініктемелер берді және жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1241197?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау