АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕР ӘКІМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан көлемінде ауыл және кент әкімдерінің халық алдындағы есеп беру кездесулері өз жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес, аудан әкімінің төрағалығымен Өспен, Шет ауылдық округтері мен Сәкен Сейфуллин атындағы кентінің жергілікті тұрғындарымен ресми кездесулер өткізілді.

Кездесулер барысында округ және кент әкімдері елді мекендердегі әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар бойынша есеп берді. Оның ішінде жол жөндеу, ауыз су жүйесін жаңарту, электрмен жабдықтау, абаттандыру және санитарлық тазалық сынды маңызды мәселелер бойынша атқарылған ауқымды жұмыстардың барысы баяндалды.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан жолдардың жай-күйі, тұрақты ауыз суға қол жеткізу, электр жарығының сапасы, сондай-ақ жергілікті инфрақұрылымға қатысты бірқатар сауалдар қойылып, ұсыныс-пікірлер айтылды. Кездесу соңында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер бақылауға алынды және тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Сонымен қатар, жиын аяқталған соң аудан әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Осы сапар аясында аудан басшысы Сәкен Сейфуллин атындағы кентте ауыл халқына жеке кәсіпкер Самат Абакасов тарту еткен жаңа саябақты арнайы барып көрді. Туған жерді көркейтуге айрықша үлес қосып, әлеуметтік жауапкершілік танытқан жеке кәсіпкердің бұл игі бастамасына жоғары баға беріліп, аудан басшысы тарапынан кәсіпкерге шынайы ризашылық білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1241205?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version