Салауатты өмір салтын насихаттау және жас спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында балалар арасында теннис жарысы ұйымдастырылды. Жарысқа әртүрлі жас санатындағы қатысушылар қатысып, өздерінің дайындық деңгейі мен спорттық қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара барысында қатысушылар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, жеңіске деген жігері мен табандылығын дәлелдеді. Жарыс соңында үздік ойыншылар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Мұндай жарыстар балалардың спортқа қызығушылығын арттырып, олардың дене тәрбиесі мен достық қарым-қатынасының нығаюына ықпал етеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау