Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің терезелеріне блокираторлар орнату жұмыстарын жүргізді. Бұл шара балалардың терезеден құлап кету қаупін азайтуға және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған. Іс-шара барысында ата-аналарға және балаларға қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, күнделікті өмірде сақталуы тиіс алдын алу шаралары бойынша кеңестер берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау