Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы әкімі аппаратының Әлеуметтік-экономикалық даму және талдау бөлімінің бас инспекторымен бірлесіп Қарақия ауданындағы балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында жұмыс істейтін жазғы лагерьлерге аралау және тексеру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында лагерь аумақтарының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуі және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы зерделенді.
Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету бағытында тиісті ұсынымдар беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Балалардың қауіпсіздігі – құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелердің басты назарындағы мәселелердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар жазғы демалыс кезеңінде тұрақты түрде жалғасатын болады.
Балалар қауіпсіздігі – басты міндет!
https://www.instagram.com/reel/DZhMZMDMrct/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241011?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау