Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы әріптесіміз Асаёнок Наталья Борисовнаға шынайы алғысын білдіріп, мерекемен құттықтайды!
Наталья Борисовна денсаулық сақтау саласына 39 жылдан астам еңбек жолын арнаған білікті маман. Ол 1959 жылы Новосібір облысының Жуланка селосында дүниеге келген. 1974–1978 жылдары Новосібір медициналық училищесінде «санитариялық фельдшер» мамандығы бойынша білім алып, кейіннен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында еңбек жолын бастаған.
Еңбек жолын Осакаров аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясының санитариялық-химиялық зертханасында зертханашы болып бастап, кейін бактериолог-зертханашы, ал 1997–2017 жылдары эпидемиологтың көмекшісі қызметтерін атқарды. Көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі арқасында әріптестерінің зор құрметіне ие болды.
Құрметті Наталья Борисовна! Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, сарқылмас күш-қуат және жан тыныштығын тілейміз. Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып, өміріңіз жарқын сәттер мен бақытты оқиғаларға бай болсын!
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1241440?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау