«Еркін жол жүру» профилактикалық рейді өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Еркін жол жүру» профилактикалық рейдін өткізді.

Іс-шара барысында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен кіреберіс жолдарында арнайы техникалардың, оның ішінде өрт сөндіру және жедел-құтқару көліктерінің еркін қозғалысына кедергі келтіретін автокөліктер анықталды.

Рейд барысында көлік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қозғалысы ережелерін бұзған азаматтарға қатысты полиция қызметкерлері әкімшілік шаралар қабылдады.

Төтенше жағдай орын алған сәтте әрбір минут маңызды. Сондықтан тұрғындарды аулалар мен кіреберіс жолдарды автокөліктермен бөгемеуге, арнайы қызмет көліктерінің кедергісіз қозғалуына жағдай жасауға шақырамыз.

https://www.instagram.com/p/DZkiytdjYhl/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1241391?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version