Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыс аумағындағы су айдындарында қауіпсіздік шараларын насихаттауға бағытталған іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында БАҚ өкілдері шартты түрде суға батқан адамның рөлін сомдап, Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шегушіні судан құтқару тәсілдерін тәжірибелік түрде көрсетті. Сонымен қатар құтқарушылар алғашқы көмек көрсету және судағы төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібін түсіндірді. Облыстық және қалалық БАҚ өкілдері құтқарушылармен бірге тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы үндеу жасап, рұқсат етілмеген жерлерде шомылудың қауіпті екенін ескертті. Мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Жамбыл облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1240476?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау