Газ қауіпсіздігі: бақылау және алдын алу шаралары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       ҚР Премьер-Министрі О.А. Бектеновтің тапсырмасын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау басқармалары, сондай-ақ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.

     Тексеріс барысында Орал қаласының Ж. Досмұхамедов пен Қ. Жұмағалиев көшелерінде орналасқан тамақтану орындары қамтылды. Кешенді жұмыс аясында кәсіпкерлік субъектілеріне газ және газ баллон жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері түсіндіріліп, қолданыстағы техникалық нормалардың сақталуы қатаң қадағалауға алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1240992?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version