Гулина Елена Николаевна — Ақсу қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бас маманы.
35 жылдан астам уақыт ол санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде еңбек етіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге және қоғамдық денсаулықты дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Көпжылдық адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрінің Құрмет грамотасымен, Павлодар облысы әкімі мен Ақсу қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Әріптестері Елена Николаевнаны жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін құрметтейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1240966?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау